Қызылордалықтар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 26,5 миллиард теңге аударды

750

0

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін қызылордалықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 26,5 млрд.теңге аударды, оның ішінде 17,7 млрд. теңге (66,8%) жұмыс берушілердің аударымдары 8,8 млрд. теңге (33,2%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдардың жарналары, — деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Аудандар бөлінісінде ең көп сома Қызылорда қаласынан, Шиелі және Жаңақорған аудандарынан келіп түседі.

МӘМС-дан түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге арналған Ұлттық банкте сақталады.

«ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының

Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<