Ресейлік екпені салдырған дәрігерлерден коронавирус анықталды

653

0

Алтай өлкесінде «Спутник V» екпесін салдырған ресейлік дәрігерлерден коронавирус анықталды , – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Министрлік хабарламасында вакцинаның екі кезең бойынша салынатыны айтылады. Екінші екпе бірінші екпе салынған соң үш аптадан соң ғана салынады екен.

«Вакцина салдырған және коронавирус инфекциясынан қорғалған адамда екінші рет вакцина салдырған соң яғни үш аптадан соң коронаврусқа қарсы иммунитет пайда болады. Ал вакцина салдырып, бірақ ауырып қалған дәрігерлерде иммунитет пайда болып үлгермеген болуы мүмкін. Олардан вирус анықталуына осы ғана себеп болуы мүмкін», – деп түсіндірді ведомстводағылар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<