Сәбилер үйінде «тұзды шахта» бөлмесі ашылды

1559

0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Балжан Мөрәліқызы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Бексейтұлының қатысуымен аймақтағы мамандандырылған сәбилер үйінде «тұзды шахта» бөлмесі ашылды.

Онда балалардағы бронх демікпесі, тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларына ем жүргізілетін болады. Сондай-ақ, галотерапия, иммундық жүйені жақсарту, псориаз, аллергиялық дерматит, экзема және тері ауруларын емдейді.

Сәбилер үйінде «тұзды шахта» бөлмесі ашылды

Балалардың жас ерекшеліктері бойынша тұзды шахтада галотерапиялық ем қабылдау уақыттары:

1-2 жас аралығындағы балалар үшін – 10 минут;

2-3 жас аралығындағы балалар үшін – 20 минут;

3 жастан бастап – 30 минут болмақ.

Галотерапияның 1 курсы  10-12 сеансты құрайды. Жылына 3-4 курсқа дейін алуға болады. Тұзды шахтаның сыйымдылығы  12 шаршы метр, яғни бір уақытта 5 балаға дейін ем алуға мүмкіндік бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<