Сәбит Пазилов: Мейірбике – ерекше мамандық иесі

1574

0

Бүгін, 12 мамыр – халықаралық мейірбикелер күні. Осыған орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов құттықтау лебізін білдірді,

Онда «Медицина саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы мейірбикелердің еңбегі ұшан теңіз. Мейірбике – білімімен, шеберлігімен, ісімен жан-жақты, мейірімділік көрсете білетін ерекше мамандық иесі. Науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелер еңбегі қашанда құрметті.

Медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда мейірбике жұмысына тікелей байланысты. Әсіресе осындай қиын тұста міндеттерін адал атқарып жүрген мамандарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Ұлт денсаулығын нығайту жолында халықтың қошеметіне бөленіп, бірлесіп еңбек ете берейік! Құрметпен, Сәбит Пазилов, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы» деп жазылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<