Сынақтан өтіп жатқан қазақстандық вакцинаның нәтижесі сәуірде шығады

780

0


Сынақтан өтіп жатқан қазақстандық вакцинаның нәтижесі сәуір айында шығады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз коронавирусқа қарсы вакциналауды 1 ақпаннан бастадық. Осы кезде екпе жасайтын кабинеттерді ұйымдастырып, вакцинаны дұрыс температурада сақтау өте маңызды. Осы уақытқа дейін елімізде 59 000 адамға вакцина егілді», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан вакцинасы ресми түрде тіркелген брендтермен де келісімге келіп жатыр.

«Осы айда 90 мың қосымша вакцина жеткізілді, енді тағы қосымша 105 мың вакцина өндірілді. 30 мың вакцинаны тікелей Ресейден алдық. Бұдан бөлек, келесі айдан бастап 600 мың вакцина Қарағандыдағы фармацевтикалық заводта өндірілетін болады. Сәуір айында қазақстандық вакцинаға қатысты нәтиже қалай болатынын көреміз. Ол да қолданысқа енетін болады. Біздің мақсат – күзге дейін халықтың басым бөлігіне вакцина егілуі керек», – дейді ол.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<