Той-домалаққа тыйым керек

777

0

«Өңірдегі эпидахуалдың күн санап қиындауы қоғамдағы әрбір азаматты алаңдатып отырғандығы белгілі. Өз кезегінде аймақ ардагерлері қалыптасқан қиын кезеңде тұрғындарға көпшілік орындарға бармауға кеңес беріп, той-жиын, отбасылық мерекелерді мейлінші азайтуды ұсынып отыр. Аймақ ардагерлері бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтты.

Тұрғындардың маска тағуға құлықсыздық танытуы сақтық шараларын ескермеудің әуелгісі деген ардагер «Маска тағудың да өзіндік қарапайым мәдениеті, ережесі бар. Ол ережені бәріміз білеміз, бірақ ескермейміз. Сол әрекетімізбен қоғамға залал келтіріп жатқанымызды түсінуіміз қажет», – деді облыстық аумақтық инспекциясының ардагері Бақыт Әбдіғаппарұлы.

Брифингте коммуналдық сала ардагері Келдібай Бектұрғанов «Мамандар адам тағдыры, амандығы үшін індетпен арпалысып, жер жүзіне келген нәубетті жеңудің жалғыз жолы екпе алу екендігін айқындап отыр. Сондықтан біз вакцинадан секем алып, күмәнмен қарамауымыз керек», – деп қазіргі жағдайға қатысты өз пікірін білдіріп, тұрғындарды екпе алуда белсенді болуға шақырды. Сөз соңында ардагер вакцинаға қатысты теріс бағыттағы ақпараттардың таралуы тым жоғары қарқынмен жүруде. Бірақ ол ақпараттың растығын тексеріп жатқан адам аз. Алып-қашпа сөзге емес, мамандардың пікіріне сенген дұрыс» – деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<