ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», – деген болатын.
Иә, «Республика күні»- мемлекетіміздің қалыптасу тарихы ұлықталатын, өткеннің өнегесін өскелең ұрпаққа насихаттайтын күн болмақ.
Айтулы күнге орай, №3 қалалық емханада «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Онда жалпы тәжірибелі дәрігер кардиолог, әлеуметтік қызметкер, психолог, мейірбике мамандары халыққа медициналық қызмет көрсетті.
Келушілерге кезексіз кеңес беріліп, артериялық қан қысымы, бой мен салмақ өлшеніп, қандағы қант пен холестерин мөлшері анықталды.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау мамандары тұрғындарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау оны нығайту мен сақтау тәсілдері бойынша ақпарат ұсынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<