Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі халықты қамту мәселелері бүгін МӘМС енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында талқыланды.
«МӘМС енгізілуіне байланысты медициналық көмекті қаржыландыру өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 80%-ды құрады. Осы қаражат есебінен еліміздің сақтандырылған халқы 81 млн мамандар консультациясын және диагностикалық қызметтерді ала алады, бұл 2020 жылға қарағанда 25%-ға артық, оның ішінде 930 мың қымбат тұратын зерттеулер (КТ/МРТ), медициналық оңалтудың 1 млн-нан астам қызметі 3 есе өсумен, азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қолжетімділік 30,9%-ға артады, – деп атап өтті өз сөзінде денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Марат Шоранов.
Алайда, М.Шорановтың айтуынша, медициналық көмекке қолжетімділігі шектеулі МӘМС жүйесімен қамтылмаған тағы 3,2 млн. қазақстандық қалып отыр, олардың 1,7 млн. адамы жарналарды тұрақты негізде төлемейді, 1,5 млн адам бірде-бір төлем жасаған жоқ.
«2021 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушылар саны (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының «Saqtandyrý» АЖ деректері бойынша) 15,8 млн адамды немесе ҚР халқының жалпы санының 83%-ын құрайды», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.
Оның айтуынша, сақтандырылған халықтың төмен көрсеткіші Қостанай (77%), Алматы (78%), Түркістан (78%), Жамбыл (80%), Қызылорда (80%), Шығыс Қазақстан (81%) облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында (81%-дан) байқалады.
Халықтың сақтандырылуының ең жоғары көрсеткіштері Атырау (86%), Маңғыстау (86%), Ақмола (85%), Батыс Қазақстан (84%) және Павлодар (84%) облыстарында.
2020 жылы қордың жинақталған активтері есебінен пандемия және шектеу шаралары кезеңінде табыссыз қалған азаматтарға (Үкімет актілеріне сәйкес), сондай-ақ БЖТ төлеушілерге жеңілдік нормасы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетілгенін атап өту қажет.
Осылайша, 2020 жылы МӘМС жүйесіне бұрын қатыспаған 1,7 млн адам БЖТ-ны жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге төледі. Оның ішінде 84 мың адам стационарларда 11 млрд теңгеге ем алды. Осылайша, қордан БЖТ төлеушілерге түскеннен 6 есе көп қаражат жұмсалды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 2 млн 78 мың адамды құрайды. МӘМС жүйесінде орта есеппен 1 млн 48 мың адам есептелетінін ескере отырып, 1 млн 30 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар сәйкестендірілмеген болып қала береді.
2. Жұмыс берушілердің жауапкершілігі аясында МӘМС жүйесінен 1,8 млн жұмыскердің «шығу» тәуекелі
ВАК отырысында жұмыс берушілермен МӘМС жарналары мен аударымдары уақтылы төленбейтін жалдамалы қызметкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен шығу тәуекелі талқыланды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі жалдамалы жұмысшылар саны 6,7 млн адамды құрайды. Алайда, МӘМС-ке аударымдар жұмыс берушілерден 4,88 млн адамға түседі. Осылайша, МӘМС жүйесінен 1,8 млн жалдамалы қызметкердің шығып қалу қаупі туындайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтерінен көрініп тұрғандай, ағымдағы жылдың 1 маусымына МӘМС-ға берешек 93 690 субъект (заңды тұлғалар, ЖК) бойынша 822,5 млн теңгені құрайды. Өңірлер бөлінісінде ең көп берешек Алматы (111,8 млн теңге), Нұр-сұлтан (79,3 млн теңге) қалалары және Ақмола облысы (77 млн теңге)бойынша байқалады.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитетіне МӘМС енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша түсетін жалдамалы қызметкерлердің МӘМС-ке төлемді уақтылы төлеу бөлігінде жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау және ай сайынғы негізде төлеушілер бөлінісінде берешекке мониторинг жүргізу тапсырылды.
Күндізгі оқу студенттеріне МӘМС мәртебесін алу үшін E-gov порталында тіркеуден өту қажет
Мемлекеттік органдар МӘМС енгізу жөніндегі ВАК отырысы барысында күндізгі оқу студенттерінің мәртебесінің болмауы және оқудың өткен кезеңі үшін берешектердің туындауы мәселелерін талқылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жеңілдік санатына жататынын растайтын құжаттармен, оның ішінде мемлекеттік органдармен салыстыру арқылы жүгінген кезде 1 айға уақытша жеңілдік мәртебесін беру бойынша жұмыс жүргізуде.
2020 жылы 11 445 адамға уақытша жеңілдік мәртебесі берілді, 2021 жылдың басынан бастап – 14 067 адам өтініш берушілер арасында орта, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар жиі жүгінеді.
Осылайша, 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қорға 30 өтініш түсті, ағымдағы жылдың басынан бастап – оқу кезеңінде МӘМС жарналары бойынша берешекті қалыптастыру туралы оқуды аяқтаған тұлғалардан 94 өтініш түсті. ҚР БҒМ-де расталғаннан кейін берешек жойылды.
Ағымдағы жылы «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтердің болмауына байланысты күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын 860 студентке Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы бойынша 1 ай мерзімге бір рет уақытша жеңілдікті мәртебе берілді
Шетелдік оқу орындарында оқитын студенттерге МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру мақсатында Қор ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Елшіліктерінің ресми сайттарында электрондық үкімет порталы арқылы студент ретінде тіркелу қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру сипатындағы хабарламаны орналастыру мәселесін пысықтады.
Сонымен қатар, қорға «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» сервисі бойынша «Электрондық үкімет» порталына жіберілген шетелде оқитын студенттердің өтінімдерін БҒМ уақтылы өңдемегені туралы шағыммен және растайтын құжаттармен өтініштер келіп түседі. Осыған байланысты, Қор жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ақпараттық жүйеде деректерді уақтылы өзектендіру туралы хаттар жіберді.
Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына байланысты МӘМС жарналарын мемлекет жүзеге асыратын он сегіз жасқа толған тұлғалардың жеңілдікті санаттан түсу тәуекелі байқалады. Мысалы, 18 жасқа толған, бірақ оқуын жалғастыратын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар санатынан шығады.
Білім алушыларды МӘМС жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігіне студенттер, оның ішінде шетелде оқитындарға және 18 жасқа толған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары бойынша online режимге деректерді уақтылы енгізуді, өзектендіруді және беруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ, мүдделі құрылымдармен бірлесіп:
– ведомстволық оқу орындарының студенттері бойынша мәліметтердің тұрақты берілуін қамтамасыз ету;
– білім алу үшін Қазақстанға келген көшіп келушілер үшін ерікті медициналық сақтандыру шартын уақтылы ресімдеу бойынша білім беру ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру;
– Ұлттық білім беру деректер базасында шетелдік студенттер туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру;
– ҚР-да оқитын шетелдік студенттердің медициналық сақтандыруды есепке алу жөніндегі деректер базасын құруды аяқтау және олардың БМСК ұйымдарына тіркелу және МӘМС жүйесіне қатысу жағдайларын болдырмау мақсатында оны уақтылы толықтыруды қамтамасыз ету;
– студенттер, оның ішінде шетелде білім алушылар бойынша деректерді уақтылы енгізу, өзектендіру және оларды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіне беру үшін оқу орындары бөлінісінде жауапкершілікті белгілеу жөніндегі регламентті әзірлеу және бекіту.
ВАК барысында мерзімді әскери қызметшілерге сақтандыру мәртебесін беру мәселесі талқыланды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мерзімді әскери қызметтен өтіп жатқан немесе өткен азаматтарды МӘМС жүйесінен шығару мәселесін көтерді
МӘМС енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде жеңілдікті санаттар мәртебесін өзектендіру мәселелері талқыланды.
Анықталғандай, әскери бөлімдердің кадр қызметтері мерзімді қызмет әскери қызметшілері бойынша мәліметтерді «адамдарды арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесіне («АЕА» АЖ) уақтылы енгізбейді. Осыған байланысты оларда қызмет кезеңі үшін берешек пайда болады және әскерден оралғаннан кейін олар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болып шығады.
Оларға сақтандыру мәртебесін беру үшін Қор растайтын құжат-әскери билет негізінде ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен кезеңі үшін МӘМС жүйесіндегі берешекті алып тастау бойынша жұмыс жүргізуде.
2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қорға 28, 2021 жылдың басынан бастап тағы 136 өтініш түскен.
Қор бірнеше рет Қорғаныс министрлігіне қызмет кезеңдері үшін МӘМС төлемдері бойынша берешектің пайда болуын болдырмау мақсатында әскери қызметшілер бойынша мәліметтерді «АЕА» АЖ-ға уақтылы енгізу қажеттілігі туралы хаттар жіберді. Алайда мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігіне МӘМС шеңберінде тұтынушы мәртебесін одан әрі беру үшін мерзімді қызмет әскери қызметшілері бойынша мәліметтерді «Адамдарды арнайы есепке алу» ақпараттық ресурсына енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне үшінші тоқсанның соңына дейін » АЕА» АЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау және оны аттестаттау рәсімдерін аяқтау тапсырылды.
Қазақстанда МӘМС мәртебесін өзектендіру үшін азаматтардың дерекқорына салыстыру жүргізіледі
Мемлекеттік органдардың өкілдері ведомствоаралық комиссия отырысында сақтандырылушы мен сақтандырылмаған халықты дұрыс бейнелеу мәселелерін талқылады.
Бүгінгі таңда шетелдіктердің тұруға ықтиярхаты бойынша құжат алғанға дейін МӘМС жүйесінде кезеңді сәйкестендіруде мәселе бар.
ҚР-да тұрақты тұратын (тұруға ықтиярхат алған) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұруға ықтиярхат алған сәттен бастап төлемдер болған кезде сақтандырылу мәртебесі ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграциялану жоқ (яғни адамның тұруға ықтиярхат алған күніне байланыстылығы жоқ) болғандықтан автоматты түрде берілмейді. Осыған байланысты жүйеде тұруға ықтиярхатсыз шетелдіктер болған кезеңдер үшін берешек қалыптасады және тиісінше олардан МӘМС жарналарын төлеу талап етілмеді (ЕАЭО мүше елдерінің азаматтары болып табылатын еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінен басқа).
Осыған байланысты, Қорға ҚР ІІМ-мен бірлесіп, ықтиярхатты алу күніне байланыстыруды жүзеге асыру үшін Қордың АЖ-ін ҚР ІІМ-нің АЖ-мен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар, Қордың «Saqtandyrý» АЖ-да сақтандырылмаған халық саны дұрыс қалыптаспайды және 4,2 млн адамға жетеді, өйткені ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЖТМДҚ) есепте тұрған, басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен, қайтыс болған ҚР азаматтарының мәліметтерін өзектендіру тетігі жоқ.
Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігіне Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен және Әділет министрлігімен бірлесіп, «Бекітілген халық тіркелімі» және «Жеке тұлға «мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйелерінде қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткен адамдар бойынша сүзгіні белгілей отырып, процесті автоматтандыру тетігін одан әрі әзірлеп, мәртебелерді салыстырып тексеруді және өзектендіруді қамтамасыз ету тапсырылды
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<