Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап №1 қалалық емханада коранавирусқа қарсы «Спутник V» екпесі салынып жатыр. Екпені бірінші кезекте медицина қызметкерлері, оның ішінде инфекциялық ауруханаларда, жедел жәрдемде жұмыс істейтіндер, санэпид қызметкерлері алуда.
Екпе салар алдында дәрігер дене қызуын, сатурациясын, қан қысымын, жүрек соғысын, ауыз қуысын тексереді. Егер адамның жағдайы жақсы болса, екпе салуға рұқсат беріледі, екпе арнайы бөлмеде салынады.
Вакцина алған соң, 30 минут медициналық мекемеде, бақылауда болады. Екпе салынған жерді жылы ұстап, салқыннан сақтанып, су тигізбеу керектігі түсіндіріледі. Вакцина алған соң, екпенің кері әсері болып, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, қайда хабарласуға болатыны жайлы ақпарат жазылған түсіндірме парағы беріледі. Одан соң 3 күн бойы тұрғылықты жеріндегі учаскелік дәрігерінің бақылауында болады. 21 күннен кейін екпенің екінші дозасын салу қажет.
Екпені ауыр аллергиясы барларға, қант диабеті, эпилепсияға шалдыққандарға, қатерлі ісікпен ауыратындарға, инсульт алғандарға, жүрек-қан-тамыр ауруына шалдыққандарға алуға болмайды.
Аурудың алдын алу үшін сенімді қорғаныс – ВАКЦИНАЛАУ!
Индира АХМЕДОВА
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<