Жалағашта алғаш рет өт тасы ауруына ота жасалды

1135

0

Бұл ота ауданда алғаш рет жасалуда. Холецистоэктомия кіші инвазивті тәсілмен эндовидеохирургиялық лапароскоп аппаратымен жасалуда. Отаға арнайы облыс орталығынан мамандар шақырылды. Атап айтқанда, жоғары категориялы алтын дәрігер хирург А.С.Шүленбаев, жоғары категориялы хирург Ә.Жалмағанбетов және сонымен қатар ауданымыздың хирург дәрігері Д.Сүйіндіковтың қатысуымен өт тас ауруымен ауыратын 4 науқасқа ота жасалған.

Аудан әкімі Асылбек Шаменов ауруханаға арнайы барып, отаның сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Осы уақытқа дейін ауданда бұрын-соңды бұндай операцияларды жасауға мүмкіндік болмағанын, ота жасату үшін тұрғындар облыс орталығына, ірі қалаларға баратынын айтып, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған өзіміздің аудандық ауруханада да енді осындай күрделі оталардың жасалатынын айтты. Айта кету керек, аудандық аурухана өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Аурухана жаңа типтік жобада салынып, барлық бөлімшелер жаңа аппараттармен жабдықталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<