Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны туралы айтты

794

0

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында жаңа қаулыны түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Төртінші толқын қаупі төніп тұр, оған дельта штамы себеп, оны үнді штамы деп те атайды. Біз «жасыл» аймаққа өткенде ауру көрсеткіші тәулігіне 100 жағдайға дейін төмендеді, бірақ жаңа штамдарға байланысты күрт өсті. Үнді штамының басқа мутацияланған штамдармен салыстырғанда патогенділігі жоғары. Осыған байланысты қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр болдық», деді Бекшин.

Қоғамдық тамақтану нысандары қызыл аймақ талаптары бойынша жұмыс істеуі тиіс, сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

Жұмыс күндері толымдығы 50 пайыз, бірақ 30 орыннан аспауы тиіс, ал сенбі мен жексенбі күндері тыйым салынады.

Бірақ жеткізу қызметіне рұқсат етіледі. Ал Ashyq қатысушылары түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істей алады, оларда толымдық 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес. Ashyq-қа қатыспайтын банкет залдары жұмыс істей алмайды.

Ал Ashyq мүшелері түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істейді, бірақ адам саны 30-дан аспауы тиіс.

Еске алудан басқа ұжымдық іс-шараларға тыйым салынады. Моншалар барлық күні жұмыс істейді. Сауналар, спа-орталықтар, бассейндер тек жұмыс күндері ғана істейді. Ал Ashyq жүйесіне қосылғандар өз режимі бойынша жұмыстарын жалғастыра береді. Кинотеатрлар мен театрларға тыйым салынады.

Тек Ashyq жүйесімен толымдығы 30 пайыздан артық болмаған жағдайда жұмыс істеуге болады. Бильярд, компьютерлік клубтар Ashyq-сыз жұмыс істей алмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<