Жаңа қаулы: Маска режимі қандай нысандарда сақталуы керек

899

0

ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша маска режимі сақталуы тиіс нысандарға қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Осы қаулыға қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақталсын», – делінген қаулыда.

Ол талаптар мынадай:

1. Жұмыс орындарын және келушілер үшін бөлмелерін тұрақты желдетіп отыру қажет.

2. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді, ғимаратқа келушілердің 5 жасқа дейінгі балалардан басқалардың бәрі міндетті түрде маска киюі қамтамасыз етіледі.

3. Кіреберісте, холда, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.

4. Органның (ұйымның) әкімшілігі:

1) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);

2) жұмыс күні ішінде маскаларды оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануды;

3) антисептиктермен жұмыс орындарын;

4) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді.

5. Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады.

6. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен желдету жүргізіледі.

7. Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.

8. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.

9. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.

10. Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маскані пайдалана отырып жүргізеді.

11. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<