Жүректен аяулы не бар?!

1077

0

Қызылорда қаласындағы көрікті ғимараттардың бірі – кіреберісінде жүрекке белгі орнатылған облыстық көпбейінді аурухана. Осында жүрек-қантамыр жүйесін емдейтін, науқас жандарға өмір сыйлайтын облыстық кардиохирургиялық орталықты медицина саласының жүрегі деуге болады.

Адам Құдайға сыйынады, ал ауырғанда дәрігерге жүгінеді. Жүгінетін дәрігеріміз білікті, тәжірибесі мол, қо­лы шипалы, қабылдауына ба­ру мен ем алу қолжетімді болса, денсаулығы нашарлап тәуелді болып барған жандар ауруынан айығуды Құ­дай­дан да, дәрігерлерден де сұ­райды. Науқасымнан айыға­мын де­ген үміт пен сенім бо­лады. Халықтың осы үміті мен  се­німін орталық дәрігерлері ақ­тап жүр.

Бұл саланы білікті маман Бе­рік Русланұлы Дәуітбаев 2016 жылдан бері басқарып келеді.

Дәрігер науқасты сөзімен де, диагнозын дөп басып дә­рі­нің күшімен де, ота жасау арқылы да ем­дейді. 2000 жыл­ға дейін кар­диохирургиялық ота Қазақстан бойынша тек қа­на Алматы қа­­ласындағы А.Н.Сызғанов атын­­дағы ғы­лыми орталықта жа­­салатын. Жүрек-қантамырла­ры­ кеселі­мен ауыратын науқастар өте көп болуына байланысты, он­да барып көріну, ем алу, ота жасату үшін кезегін жылдап күтетін еді. Науқастар кезегі ке­лем де­генше бақилық бо­латын.

Облыстық көпбейінді ауру­хана жанынан кардиохирургия орталығы ашылды. Науқастар жылдап күтетін кезектен құ­тылды, ел асып бармай-ақ осын­да емделіп, сауыға алаты­ны­на сенім артты.

Кардиохирургия орталығы 2011 жылдан бастап жүрекке ашық ота жасайтын дәрежеге қол жеткізді. Бүкіл әлемге бел­гілі литвалық кардиохирург, про­­фессор Римантас Бенитас­пен бірге жергілікті дәрігер-хи­рург­­тар 20 отаға қатысып, 200-ден астам науқасқа бер­ген кеңесін тыңдады. Вьет­нам­­­дық кар­диолог, профессор Хью жә­не Сыз­ғанов атында­ғы арит­моло­гиялық бөлім мең­герушісі  А.Баймбетовтің сеп­тальді ақау­ға эндоваскулярлы жабық ота жасауға біздің дәрігерлер де қатысты. Ю.Пяның бас­тауы­мен кардиохирург, пер­фу­зио­лог­тардан құралған орталық дә­рігерлері жасаған 5 ашық ота сәтті шықты.

Кардиохирургия орталығы ашылғаннан бері 35 мыңнан астам науқасқа ем жасап, 12500-ден аса коронография жасап, оның 4 мыңнан аста­мына стенд қойылды. 1400 науқасқа кар­диохирургиялық, 362 кісі­ге аритмологиялық оталар жа­сал­ды. Осы шаралар нәти­же­сінде  қаншама адам­ның өмірі ұзар­ып қатарға қо­сылды.

Коронавирус індеті кезін­де де бұл орталық жүзде­ген адамды науқасынан сауық­тырды. Жү­рек-қантамырына сырт­тың кө­мегінсіз өз маман­дары ота жа­сайды.

Осыдан 12 жыл бұрын  жүрек ауруына шалдыққа­ным­ды облыстық кеңес беру ор­талығының  кардиолог дәрігері анықтады. Жолдамамен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы ғылыми орталықтарға барып емделіп,  бір қан тамырға тент қойдырып тұрғылықты жердегі кардиологтардың бақылауында боласың деген  қорытындымен елге оралдым. Бас қала дә­рігерлерінің  ем-шарасын бер­ген кеңестерін зерделеп, са­раптап науқастан айығу ша­расын өзіміздегі жұ­мысы оң бағыт алған кар­диохирургия ор­талығында  жал­ғастыруды жөн көрдім. 2013 жылы тағы бір қан та­мырына тент, 2015 жылы жү­рекке стенд қойылды. Әлі де осы орталық дәрігерлерінің бақылауындамын. Биыл 80 жасты толтырдым.

Жүрек сақшыларының әр адамның өмірін құтқарудағы ең­бегі ерлікке пара-пар.

Қапан Нағашыбаев,

 еңбек ардагері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<