Әлімханұлы Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді

820

0

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) танымал отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Боксшының айтуынша, Головкин – оның ағасы. Ал Қазақстанда үлкенді сыйлау – дәстүр. 

«Жанкүйерлер менен GGG-ді неге жекпе-жекке шақырмайтынымды сұрайды. Жауап берейін. Ол – менің ағам. Қазақстанда үлкендерді құрметтеу керек, бұл біздің дәстүр. Кейбір жанкүйер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді құрметтеу керегін бәрі біледі. Бұл – қазақ стилі», – деп жазды Әлімханұлы Twitter желісіндегі парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<