Айзада – Азия чемпионатының жүлдегері

1136

0

15-25 сәуір аралығында Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбіреді. Айтулы додада еліміздің 17 зілтеміршісі өнер көрсетті.

Байрақты бәсекеде жерлесіміз, Қызылорда облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Айзада Мүптілда +87 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қосса­йыс нәтижесінде 269 кг бағындырып (118+151), Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айзада Мүптілда 1998 жылы 23 сәуірде Шиелі ауданында  дүниеге келген. Ауыр атлетикадан әйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Турнир қорытындысы бо­йынша Қазақстан ерлер командасы бірінші, әйелдер командасы төртінші орын иеленді. Қазақстан командасы жалпы саны 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Арли Чонтей Азия чем­пионы атанса, Абылай Әуелханов, Карина Кузганбаева және Нұрғиса Әділетұлы күмісті қанағат тұтты. Ал Екатерина Быкова, Айзада Мүптілда және Артем Антропов қола жүлдегерлер қатарында.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<