Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

1021

0

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді. Қазақстан конькишілер федерациясы сайтындағы мәліметке сәйкес, ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді.

Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді. Сондай-ақ залдарға спортшыларға ілесіп келген жақын адамдар жіберілмейді. Әрбір спортшыда коронавирусқа ПТР-тесті туралы анықтама (мерзімі 72 сағаттан аспаған) болуы тиіс.

Жарыс бағдарламасы: 14-15 желтоқсан – жаттығу 16 желтоқсан – жаттығу, жеребе 17 желтосан – жаттығу, жарыс 18 желтоқсан – жаттығу, жарыс, марапаттау

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<