Аудан әкімі жас спортшыларды қабылдады

1131

0

Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында қазалылық спортшылар түрлі байрақты бәсекелерде жеңіске жетіп, туған жерге тарту жасады.

Атап айтар болсақ, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Бақытбек Құлбаевтың шәкірті Гүлсая Ержан бокстан әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесі бойынша күміс медаль жеңіп алды.

Ал, Ақберен Бақытберген мен Ұлдана Маханбетамин қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан V Азия чемпионатында күміс және қола медальға қол жеткізді.

Одан бөлек, Айжан Ерқосай Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында грэпплинг және грэпплинг-ги күрес түрлерінен қос күмісті еншіледі.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев байрақты бәсекелерде жеңіске жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қабылдады.

Басқосуда аудан басшысы спортшылар мен бапкерлерді алдымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Мұнан соң аудан мерейін асқақтатқан спортшылар мен жаттықтырушыларға жылы лебізін жеткізіп, Гүлсая Ержан, Ұлдана Махамбетамин, Ақберен Бақытберген, Айжан Ерқосай және Сәбит Шүленбаев пен Жансая Мұратқа «Алғыс хаттарды» табыс етті.

Өз кезегінде былғары қолғап шебері Гүлсая Ержан мен тоғызқұмалақшы Ұлдана Махамбетамин қолдау көрсеткен аудан басшыларына алғысын айтып, ризашылықтарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<