Ауыр атлетикадан ашық біріншілік

1057

0

Ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Мырзағали Жұмашовты еске алуға арналған жарысты Абай ауылының әкімдігі ұйымдастырды. Туған жердің түлеуіне ат салысып, абырой биігіне көтерілген азаматтың есімі мен өнегелі өмірін бүгінгі ұрпаққа үлгі етуді мақсат тұтқан жарыста облыстың барлық аудан, қалаларынан келген 2007 жылғы және кейін туған жасөспірімдер бақ сынады.

Жарыстың ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жаттықтырушы Вилорий Пак қатысты. Майталман маман қатысушыларға сәттілік тілеп, қолдау көрсетті.

Дүбірлі додада ұлдар арасында +61 келі салмақ дәрежесінде қызылордалық Қамбар Тоқсанбаев, 61 келіде Жалағаш ауданынан Қасымжомарт Болат, 55 келіде қызылордалық Ернұр Мырзахмет жеңіске жетті.

Ал, қыздар арасында +49 келіде қазалылық Дильназ Марал, 45 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда қаласынан Балнұр Жәмілова, 40 келіде қызылордалық Ақтоты Рахымберді, 36 келіде Жалағаш ауданынан Нұрсезім Абатқызы, 32 келіде Жаңақорған ауданынан Инабат Өмірзақ жеңімпаз атанды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<