Алматылық «Қайрат» Мәскеу облысының Щелково аймағында футзалдан өткен дәстүрлі Еременко кубогының үшінші кезеңінде СК КПРФ командасын ұтты. Дереккөз: Sport.inform.kz
Ойын 7:3 есебімен аяқталды. «Қайрат» құрамындағы ирандық легионер Хоссейн Тайеби матч соңындағы голды салды. Дуглас жарыстың ең үздік ойыншысы, ал Игита үздік қақпашы атанды.
КПРФ, «Қайрат» пен «Норильский Никель» командалары топтық кезеңді 6 ұпаймен аяқтады. Ал латвиялық «Никарс» бірде-бір ұпай алмады.
Турнирде қай команда көп гол салса, сол жеңімпаз болады. Какау командасының салған гол саны басым түсіп, «Қайрат» аталған жарыста төртінші рет жеңіске жетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<