Азия чемпионы атанған қос балуан елге оралды

800

0

Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында грек-рим күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қос бірдей аралдық жас спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп, чемпион атанды.
Байрақты басекеде топ жарған №19 Арал ауданынының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Алпамыс Болатұлы мен Әмірмұхаммед Кабулов бүгін елге оралды. Спортшыларды асыға күткен аралдықтар ерекше сән-салтанатымен қарсы алды. Орталық алаңда жас өрендерді арнайы күтіп алған аудан әкімі Серік Сермағамбетов:

  • Бірнеше алпауыт мемлекеттердің мықты спортшылары бақ сынасқан сайыста қазақтың қара баласының қасиетін байқаттыңыздар. Барлық қарсыластарыңыздан басым түсіп, боз кілемнің шаңын қағып, Азия чемпионы атануларыңыз біз үшін зор мақтаныш. Осы ретте, жастарды бала күнінен спортқа баулыған жаттықтырушыларының еңбегі зор деп білемін. Алдағы уақытта әлемдік додаларда еліміздің көк туын желбіретер белгілі спортшы атануларыңызға шын жүректен тілектеспін!- деп, жас балуандарға ізгі лебізін білдірді.
    Чемпиондарды қарсы алуға жиналған көпшілік, ауданның белсенді жастары мен спортшылар жеңімпаз атанған, аудан мерейін өсірген жастарымызға айрықша құрмет көрсетті.
    Атап өтейік, Азия чемпионы атанған жас балуандарды аудан әкімі ресми түрде қабылдайтын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<