Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Григорий Ким жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп жазады Olympic.kz.
Бас бапкердің айтуынша, бүгінде садақ атушылар Ақбұлақ спорт базасында Азиада алдындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. «Ұлттық құраманың дайындығы жоспар бойынша өтіп жатыр. Джакартаға 18 тамыз күні ұшып кетеміз, ал жарыс 21 тамызда басталады. Команданың үздігі деп Денис Ганькинді, Санжар Мұсаевты айтуға болады.
Жалпы алғанда, садақ атушылардың деңгейі Азияда өте жоғары. Соңғы Берлинде өткен Әлем Кубогы кезеңінде үздік бестіктің үшеуі, үздік сегіздіктің бесеуі азиялықтар болды. Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан, Малайзия спортшыларының бәсі жоғары. Қарсыластар қарымды болса да, біз медаль аламыз деген мақсатымыздан бас тартпаймыз», – дейді бас бапкер.
Азия ойындарына қатысатын садақ атушылар тізімі: Денис Ганькин Сұлтан Дүзелбаев Ильфат Абдуллин Санжар Мұсаев Алина Ильясова Фарида Тукебаева Қаракөз Асқарова Луиза Сайдиева Ақбарәлі Қарабаев Павел Фишер Сергей Христич Константин Солодовников Диана Макарчук Адель Жексинбинова Виктория Лян Нина Дударева
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<