Бүгін бокстан Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдың жекпе-жектері басталады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Алғаш рет әлем біріншілігінің ширек финалында Қазақстанның 10 боксшысы жұдырықтасады. Жеңіске жеткендерінің кемі қоржынында қола жүлде болады.
Күндізгі сессияда ең жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов 48 келі өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовпен жолығады. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы осы чемпионаттағы өзара төртінші кездесу. Жекпе-жектің басталу уақыты— 18-00 (Астана уақытымен).
Одан кейін Махмұд Сабырхан (54 келі) бразилиялық Майкл Тринидадтың әуселесін байқап көрмек. Жекпе-жектің басталу уақыты — 18:30.
Ал Саматәлі Төлтаев (60 келі) Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионы Софиан Умихамен (Франция) шеберлік байқасады.
Жекпе-жектің басталу уақыты — 18:45.
Ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) моңғол боксшысы Чинзориг Баатрусухпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Жекпе-жектің басталу уақыты — 19:30.
Күндізгі сессияда соңғы болып, Нұрқанат Райыс (75 келі) шығады. Оның қарсыласы — Салватор Кавалерро (Италия). Жекпе-жектің басталу уақыты — 19:45.
Кешкі сессияда алдымен Сәкен Бибосынов (51 келі)рингке көтеріледі. Ол Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері колумибиялықЮберхен Мартинеспен кездеседі. Жекпе-жектің басталу уақыты — 23:00.
Серік Теміржанов (57 келі)ресейліу Эдуард Савинмен жолығады. Жекпе-жектің басталу уақыты — 23:20.
Санатәлі Төлтаевтың (63,5) ширек финалдағы қарсыласы — Рис Линч (Шотландия).Жекпе-жектің басталу уақыты — 00:00.
Асланбек Шымбергенов (71 келі) 19 жастағы украиналық Юри Захариевпен кездеседі. Жекпе-жектің басталу уақыты — 00:15.
Қазақстан боксшыларынан соңғы болып, рингке Нұрбек Оралбай (80 келі) шығады. Ол жергілікті боксшы Владимир Мирончиковпен (Сербия) жолығады. — Жекпе-жектің басталу уақыты — 00:45.
Ширек финалға Қазақстаннан 10, Ресейден 8, Өзбекстан, Куба мен АҚШ-тан 6 боксшы өтті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<