Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Дәулет Ниязбеков еркін күрестен алтын жүлде иеленіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Бұл – жарыстағы осы күрес түрінен еліміздің қоржынына түскен алғашқы медаль.
65 келі салмақта белдескен Дәулет Ниязбеков жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, Солтүстік Корей палуанын 7:4, қырғыз бен өзбекті 6:3, 10:0 ұпаймен, ал, жапон спортшысын 11:0 есебімен жеңіп, мықтылығын тағы бір мәрте мойындатты.
Көк туды желбіреткен балуан осымен үшінші мәрте Азия чемпионы атанып отыр. Ол 2015 жылы Дохада, 2016 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленген еді.
Жаңақорған ауданының тумасы Дәулет – еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында еліміздің 6 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының 3 рет қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон Олимпиадасының қатысушысы.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын балуанды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов баптап келеді.
Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
4-курс студенті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<