Екі ай карантиннен кейін бассейн 1 маусымнан бастап жұмысын бастады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Бассейн аптаның жеті күнінде қала тұрғындары үшін 12.00-15.00 жəне 18.00-22.00 аралығында жұмыс жасайды.
Қалған уақытта дүйсенбі, сенбі күндері № 4ОРМБЖМ спортшылары оқу-жаттығу процестерін өткізеді. Жексенбі күні 9.00-22.00 аралығында ашық болады.
Əр дүйсенбі күні сағат 16.00-ге дейін тазалық жұмыстары жүргізіледі.
16 жастан жоғары келушілерге 700 теңге, оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлерге, 3-топтағы мүгедек жандарға 50% жəне көп балалы отбасыларға, балалар үйінде тәрбиеленушілеріне, 7 жасқа дейінгі балаларға, 1, 2 топтағы мүгедек жандарға, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1 сағат тегін қызмет көрсетеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<