Хоккейден әлем чемпионатында овертайм форматы өзгереді

389

0

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 2019 жылдан бастап әлем чемпионаттарында овертаймдардың форматын өзгертпек, – деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.«Финалдың ұзақ болмауын талап ететін көптеген себептер бар. Командалардың барлығы да жаңа ойындарға дайындалуы тиіс. Бұдан басқа да біз қарастырған қиындықтар жетерлік», – дейді IIHF үйлестіруші комитетінің басшысы Франц Райндль.  
Енді овертаймдар 3×3 форматында өткізіледі. Топтық кезеңнің ойындарында овертайм бес минутқа созылады, ал плей-офф ойындарында – 10 минут, финалда – 20 минут. Финалды қоспағанда, барлық кездесулерде буллиттер сериясы қарастырылған.
 Еске сала кетейік, 2019 жылғы Әлем чемпионаты Словакияның Братислава және Кошице қалаларында 10-26 мамыр аралығында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<