Ұлттық Олимпиада комитетіне жаңа басшы келді

431

0

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазиннің 28 ақпанындағы бұйрығымен Нұрлан Нөгербек Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бас директоры болып тағайындалды.

Бұған дейін ол осы ұйымның қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры болған. Сонымен қатар, 2015 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында ҚР ҰОК аппарат жетекшісі, атқарушы директоры қызметтерін атқарған болатын.

Айта кетейік, ҚР ҰОК бас директоры болған Серік Қасқабасов қызметінен өз еркімен кетті. ҚР ҰОК бас хатшысы Данияр Абулгазин Серік Қасқабасовқа ҰОК қайта құру кезіндегі атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, еліміздің олимпиадалық қозғалысына қосқан үлесін атап өтті.

Дереккөз: baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<