Мәнерлеп сырғанау спортын дамыту жолдары қаралды

908

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев коньки тебу Ұлттық федерациясы президентінің кеңесшісі Байтақ Тұрсынбаев және Ұлттық құрама командасының мүшесі, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері Артур Смағұловпен кездесті.

Онда аймақтағы мәнерлеп сырғанау спортын дамыту, жас спортшыларды даярлау мәселесі сөз болды. 

Байтақ Тұрсынбаев 2026 жылы Италияда өтетін ХХV қысқы олимпиада ойынында ел намысын қорғайтын Артур Смағұловтың дайындығын ұйымдастыруға атсалысып, қолдау көрсетуді сұрады.

Аймақ басшысы мәнерлеп сырғанау спорттың ерекше түрі екенін, бұл ретте Сыр елінен шыққан жерлес Элизабет Тұрсынбаеваның ізбасарларын тәрбиелеу аса маңызды бола бермегін алға тартты. Сондай-ақ, сала басшыларына айтылған ұсыныстарды мұқият қарап, зерделеуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<