![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-10/medium/1538828035_20181006130749.jpg)
Қазақстандықтар айтулы айқасты «QAZSPORT» телеарнасынан көре алады. Трансляция уақыты – Астана уақыты бойынша 07:50 кезіне келіп отыр. Хабиб Нурмагомедов UFC-дің қазіргі чемпионы. Салмақ дәрежелерінен тәуелсіз үздік ММА шеберлерінің ішінде сегізінші орында. Қап тауының қабыланы осыған дейін 26 кездесу өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтаған. Соңғы айқасында осы жылдың 7 сәуірінде америкалық Эл Яквинтамен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын. Ал ирландиялық Конор Макгрегор жеңіл және орташа жеңіл салмақта 2015-2018 жылдар аралығында UFC чемпионы болған спортшы. 30 жастағы Ирландияның жолбарысы 24 кездесуінің 21-де жеңіске жеткен. Спорттық мансабының алдындағы екі кездесуінде жеңістің ащы дәмін татқан. Үшіншісінде америкалық Нейт Диастан 2016 жылы жеңіліп қалған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<