Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы өтуде

830

0

«Мұз айдыны» спорт кешенінде мемлекеттік қызметші күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында XXVI дәстүрлі спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.

Спартакиаданың салтанатты ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисенов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық сайыстың мақсаты – салауатты өмiр салтын насихаттау, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, мемлекеттiк және ведомство қызметкерлерін спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, спорт арқылы достық қатынасты орнату. Жарысқа 35 команда 1000-нан аса мемлекеттік қызметкерлер қатысуда. Қызметкерлер 9 спорт түрі бойынша: пневматикалық мылтықпен ату, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, волейбол, арқан тарту, жүзу секілді сайыстарда бағын сынайды.

Спартакиаданы ұйымдастырушылар – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде өңірдің жас таеквондошыларының көрсетілімі болды.Спорт додасы жиырма екінші маусымға дейін жалғасады.

Жансауле АБДУЛЛА,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ІІ курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<