Футболдан OlimpBet Қазақстан кубогының 3 кезеңінде қызылордалық «Қайсар» жеребеге сәйкес «Яссыны» қабылдады.
Матчты қасқырлар қарқынды бастады. Мамаду Диалло мен Өркен Махан жылдам шабуыл ұйымдастырып, 18-минутта есеп ашты. Қонақтар қорғаныста салғырт ойнап, Мамаду қарсыластың қақпашысы Серікбол Қапановтан айласын асырды. Араға 10 минут салып шабуылшы Өркен Махан «Қайсардың» кезекті голын соқты.
Кездесудің екінші жартысында «Яссы» алаңға тыңнан ойыншылар шығарып, есеп айырмасын қысқартуға бекінді. Алайда Абылайхан Төлегенов бастаған қорғаушылар қорғаныста сыр бермеді. Матчтың қосымша белгілінген уақытында Өркен Махан кездесудің нүктесін қойды. Өркеннің бағыттаған добы қақпаның жібек торынан табылып, таблодағы есепті 3-0-ге жеткізді. Қорытынды есеп 3-0!
Айта кетейік, кубоктың жеребе тарту рәсімі 18 мамырға жоспарланған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<