Қызылордалық былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боқста бақ сынауға ниетті. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзі хабарлады.
Спортшы Қазақстан әуесқой бокс федерациясы, бокстан Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевтың қолдауымен осындай шешім қабылдағанын жеткізді.
«MTK Global компаниясы маған Токиода болатын Олимпиада ойындарына дейін кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізуіме мүмкіндік беріп отыр. Бұл шешімімнің басты мақсаты – Олимпиада ойындарына дейін тәжірибе жинақтап, кәсіпқой бокстан әуесқой боксқа керек дүниені үйреніп, мықтырақ болып, Олимпиада шыңын бағындыру», – делінген жазбада.
Ұлттық құрама капитаны ретінде ол барша команда жанкүйерлеріне алғыс білдірді.
«Сб»-ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<