Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов LifeSport KZ YouТube-арнасына берген сұхбатында Қамшыбек Қоңқабаевтың командаға жақын арада оралатыны туралы айтты.
Бұл туралы ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. «Қамшыбек 6 немесе 2 шілдеде жекпе-жекке шығады (кәсіпқой бокста), кейін ұлттық құрамаға қосылып, Азия ойындары аяқталғанша осында болады», – деді Сәтжанов.
Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4КО) кәсіби рингтегі осыған дейінгі жекпе-жегін ақпан айында өткізді: ол өзбекстандық Фаррух Джураевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Қоңқабаев кәсіпқой боксқа алғашқы қадамын 2020 жылы жасады. Бірақ әуесқой бокстан әлі алыстаған жоқ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<