Қазақ күресіне қолдау күшейіп келеді

1036

0

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Қауымдастығы және «Қазақ күресі» Ассоциациясының бас директоры Абат Имамбаев, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Қауымдастығының басқарушы директоры Берік Құнанбаев, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Қауымдастығы бас директорының кеңесшісі Мұсабек Мәулен, «Қазақ күресі» Ассоциациясының басқарушы директоры, PhD доктор Ербол Мырзабосынов, Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Ерлан Естек  облысқа арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Қызылорда қаласындағы бірқатар спорттық нысандарды аралады. Облыс орта­лығындағы №1 және №2 олим­пиадалық резервтің ма­ман­дан­ды­рылған балалар-жас­өспірім­дер мек­­тептері мен жоғары спорт ше­бер­лігі мектебінің жұмы­сымен танысты. Аталған спорт мектептеріндегі қазақ күресі, самбо, шинкиокушинкай  каратэ, кикбоксинг бөлімшелерін көріп, спортшылармен кездесіп, жаттығуларын тамашалады.

Мұнан соң облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Серік Ахметтің төрағалығымен өткен «Қазақ­станның Жауынгерлік Өнер Қауымдастығы» және «Қазақ күресі» Ассоциациясының Қы­зылорда облысындағы көшпелі отырысына қатысты. Сондай-ақ, жиында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бо­йынша департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Құндызбаев, Қызылорда облысы бо­йынша Қазақ күресі федерациясының төрағасы Рзақұл Нұртаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов және Қызылорда облысы бойынша Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Қауымдастығы құрамына кіретін жергілікті федерациялардың басшылары мен қазақ күресінен ұлттық дәрежедегі төрешілер болды.

Отырыста екі мәселе қара­лып, алғашқы мәселе Қазақ­станның Жауынгерлік Өнер Қауым­дастығының құрамына кіретін жер­гілікті федерациялардың және қазақ күресін дамыту бойынша ат­қарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов баяндама жасады.

– Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының құрамына кіретін 15 спорт түрі бойынша облыста барлығы 5339 спортшы жа­т­тығады. Сыр спортшылары ҚР Ұлттық құрама сапында 2018-2019 жылдары халықаралық ареналарда өнер көрсетіп, Азия чемпионаттары мен кубоктарында 49 медаль иеленсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 56 медальға қол жеткізді. Ал, қазақ күресімен өңірде 298 секцияда 4879 спортшы шұғылданса,114 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Облыстағы 21 балалар мен жас­өспірімдер спорт мектептерінің 17-де қазақ күресімен 159 секцияда 2005 спортшы шұғылданса, 59 жаттықтырушы тұрақты жұмыс атқарып келеді. 2019 жылы Азия чемпионатында облыстың 2 палуаны алтын және қола жүлдегер атанды. Әлем чемпионатында 1 палуан чем­пион атанса, Әлем барысында 1 палуан күміс жүлдені иеленді. Кейінгі 3 жылда сырбойылық спортшылар ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 117 медаль жеңіп алды, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Респуб­ликасының «Қазақ күресі» Ассо­циа­ция­сының басқарушы дирек­торы, PhD доктор Ербол Мырзабосынов  және Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының бас жат­тық­тырушысы Естек Ерлан хабарлама жасады.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бо­йынша департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Ба­уыржан Құндызбаев «Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Қауымдастығы» және «Қазақ күресі» Ассоциациясы туралы өз пікірін білдірді.

Көшпелі отырыста спорттық жарыстардың қатарын арттыру мен Қазақ күресін дамыту бойынша бірқатар ұсыныс айтылды.

Ассоциацияның бас директоры Абат Имамбаев «Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Қауымдастығы» мен «Қазақ күресі» Ассоциациясы тарапынан атқарылып жатқан жұ­мыстарды жеткізіп, жиынды қоры­тындылады.

– Біздің Қызылорда облысына келген мақсатымыз – Ассоциация жұмысын одан әрі жетілдіріп, өңірлердегі маңызын арттыру.  Сонымен қатар, қазақ күресін дамытып, жас спортшыларды патриоттыққа баулу да – біздің негізгі бағыттарымыздың бірі.  Сондықтан, аймақтағы федерация филиалдарымен ынтымақтастықты арттыра отырып, жоспардағы жұмыс­тарды жүзеге асыра аламыз,  – деді Абат Имамбаев.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<