Қазақ қызы Америкада хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

1181

0

Қазақстандық хоккейші қыз Бұлбұл Қартанбаева Америкада 13-14 жасар қыздардан құралған хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі мәлімет таратты.

«Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті» деп жазды елшілік Instagram парақшасында.

Бұлбұл Қартанбаева – NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы. Ол өткен жылы америкалық «Метрополитен Риветерс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<