Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Оқу-жаттығу жиыны 24 қаңтарға дейін жалғасады. Аталған дайындыққа қызылордалық спортшылар да шақырту алған.
Соңғы уақытта түрлі додада жеңімпаз атанып жүрген Рахат Бекболат пен Айсамал Сансызбаева оқу-жаттығу жиыны барысында шеберлігін жетілдіре түседі. Сондай-ақ, оған Игорь Сон, Зульфия Чиншанло, Раушан Мешітханова, Арли Чонтей секілді сынды танымал ауыр атлеттерд келді.
Жастар арасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген Ақмолда Сайрамкез, Абылай Әуелханов, Сайхан Тайсуев, Гүлнұр Ыбырай, Айзада Мүптілдә, Артем Антропов, Карина Кузганбаева, Нұрғиса Әділетұлы, Екатерина Быкова, Аиша Омарова, Александр Уваров сынды спортшылар да бапкерлерден тәлім алады.
Ауыр атлеттер Алматы облысында орналасқан «Ақ бұлақ» олимпиадалық орталығында дайындығын пысықтайды.
Әділжан ҮМБЕТ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<