ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековтің өзі атап өткендей, ол антидопингтік саясатты күшейту жұмыстарын жалғастырады және спортшыларды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады.
Сондай-ақ, федерациясының президенті жергілікті ауыр атлетика федерацияларын дамытып, инвестиция тартпақ.
«Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті, бас хатшы, бес құрлықтық федерация президенттері бір іс-шарада бас қосуы өте сирек жағдай. Бұл – еліміздегі ауыр атлетика спорты саласындағы Жанат Түсіпбековтің орнының қандай екенін білдіреді», – деді ҚР ААФ бас хатшысы Омар Мұстафин.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<