Санаев Токиода сыр берді

650

0

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліске ұшырады, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Тартысты кездесуді Нұрислам жақсы бастады. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ. 

Белдесу кезінде Санаев аяғынан кішігірім жарақат алып, кейін үнділік балуан әдіске көшті. Нәтижесінде, Рави Кумар Нұрисламды таза жеңіп, финалға шықты. 

Енді Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<