Шиелі ауданында 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Мұстафа Шоқай атындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Нариман Мақұлбеков, қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы, еліміздің спорт саласының еңбек сіңірген ардагері Марат Жақыт қатысып, жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік пен жеңіс тіледі. Сондай-ақ, Қызылорда облысының соттар әкімшілігінің басшысы Сағатбек Сүлейменов, Шиелі ауданының құрметті азаматы Пердәлі Архабаев ізгі лебізін білдірді.
Биыл он бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Шымкент қаласы, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 220 жас палуандар 10 салмақ дәрежесінде сынға түсуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<