Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов «Жұмыспен қамту 2020-2021» жол картасы аясында іске асырылатын жобалар туралы айтты.
Спорт саласында 22 жоба қамтылған. Оның 9-ы – жаңа құрылыс нысаны. Қызылорда қаласында байдарка және каноэ есу базасы, қала мен аудандарда 8 жаттығу және стиртбол алаңы салынады. Биыл облыс көлемінде балалар-жасөспірімдер мектептеріне, спорт клубтарына және алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заман талабына сай қайта жаңғыртылады.
Сонымен Ж. БаҺадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі мен №6 облыстық олимпиаладық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорт алаңдарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Жаңақорған кентіндегі орталық стадион да күрделі жөндеуден өтеді.
Қазіргі кезде аталған жобалар бойынша мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмысы басталды. Нәтижесінде 180-ге жуық азамат жұмыспен қамтылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<