Спорт жаңалықтары

286

0

Әлем чемпионаты: Ел құрамасында кімдер бар?

Бокс деген бір сиқыр. Енді былғары қолғап шеберлері Англияның Ливерпуль қаласында өтетін Әлем чемпионатына барады. Оған қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Қазір еліміздің боксшылары Алматы облысында әзірлігін пысықтап жатыр. Ал соңғы дайындықты Шеффилд қаласында өткізеді. Онда 10-нан аса елдің боксшылары бой көрсетпек.

Сонымен еліміздің ерлер құрамасында кімдер бар? Бас бапкері Қайрат Сәтжанов сенім артқан боксшылар сапында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бекзат Нұрдәулетов (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

Ал Елдос Сайлалин бастаған бапкерлер әйелдер құрамасына Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Элина Базарова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Талипованы (80 келіден жоғары) енгізіпті.

Қысқасы, қазақ боксының тағы бір қайраты сыналатын сәт жақын.

Талғардағы тартыс

Алматы облысында көкпардан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр. 14 команда арасында әуелі жеребе тартылып, 4 топқа бөлінді. Топтық кезең бойынша әуелі Қостанай мен Алматы облысының, Жамбыл мен Қарағанды облысының, Ақтөбе мен Қызылорда облысының командалары өзара мықтыны анықтайды. Маңғыстау облысы Алматы қаласымен, Түркістан облысы Шымкент қаласымен кездеседі. Бұған қоса, Батыс Қазақстан облысы және Ұлытау облыстары жолығады. Жасөспірімдер арасындағы жарыс 5 күнге созылып,  жалпы қорытындысы 23 тамызда белгілі болмақ. Ал онан кейін алдағы айларда командалық көкпардан жастар және ересектер арасындағы ішкі біріншіліктер ұйымдастырылады деп хабарлайды 24.kz.

«СБ» ақпарат