Қызылорда облысында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ел біріншілігінде 19 сәуір күнгі жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, ел біріншілігі ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатыр. Жарыс жекелеген жаттығулар бойынша өтеді. Алты күн бойы спортшылар 20 салмақ бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Аталған жарыста ерлер 55, 61, 67, 73, 81, 89, 96 келі салмақтар жүлделер сарапқа салынады. Ал әйелдер 45, 49, 55, 59, 67, 71, 76, 81, 87, 87 келіден жоғары салмақта бақ сынайды.
Ел біріншілігінде әйелдер арасында 55 келіде Алматы облысының ауыр атлеті Айгерім Ауылбек жеңімпаз атанды. Одан кейінгі орындарды Шынар Жапар (Жамбыл облысы) мен Бибісара Жанболат (Алматы облысы) өзара бөлісті.
Ал 59 келіде Зульфия Чиншанло (Алматы облысы) жеңіс тұрғырынан көрінді. Ал Алтынай Тәнірбергенова (Қызылорда облысы) және Алина Колиушко Алина (Солтүстік Қазақстан облысы) үздік үштіктен көрінді.
Сондай-ақ, ерлер арасында 61 келіде Өтепберген Әлиев (Батыс Қазақстан облысы), Азамат Төлеген (Қызылорда облысы) және
Жалғас Сейітов (Ақмола облысы) жүлдегерлер қатарында болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<