Сыр саңлақтарына құрмет

884

0

Кеше  облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Спорт күні» мерекесіне орай Сыр өңірінің спорт саңлақтарын қабылдады. Оларды кәсіби мерекесімен құттықтап, сала үздіктеріне еселі еңбектері үшін алғысын білдірді.

Кездесуде алдымен аймақ басшысы Сыр өңірінің спорт саласында жеткен жетістіктері жайлы тоқталды. Бүгінде об­лыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғыл­данушылардың саны 24378 адамға жеткен.

Сонымен қа­тар, жоғары білікті 21096 спорт­шы, 680 жаттық­ты­рушы, 22 спорт мектебі және 4 кәсіби спорт клубы заманауи та­­лап­тарға сай жұмыс істеп келеді. Жыл басынан бері облыс спорт­шылары ҚР чем­пионаттары мен кубок­тарында 254 медаль жеңіп алса, Азия чемпионаттарында 19 медальға қол жеткізді. Облыстың 670 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.

2021 жылы Токио қала­сында (Жапония) өтетін Олим­пиада ойын­дарына ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, ба­луан Дәулет Нияз­беков пен боксшы Қамшыбек Қоңқа­баев жолдама алды.

– Аймақтың жетістіктері мұ­ны­­мен тоқтап қалмақ емес. Сыр спортына қолдау білдіру мақса­тында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында осы сала бойынша 22 жоба жүзеге асуда. Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы байдарка және каноэ есу ба­засы, қала және аудандарда 8 жаттығу және стритбол алаң­дарының құрылыстары жүр­гізілуде. Мемлекеттік-жеке­ше­лік әріптестік аясында 5 дене шынықтыру ке­шені пайда­ла­нуға беріледі. Бұқа­ралық спорт­ты дамытудың алғы шарт­­­тарының бірі спорттық ғи­мараттарға қолжетімділік екені белгілі. Жалпы облыс бойынша 2241 спорт нысаны жұмыс істейді, – деді облыс басшысы.

Кездесуде сөз алған ауыр ат­ле­тикадан ҚР Еңбек сіңірген жат­тықтырушысы Велорий Пак пен еркін күрестен ҚР еңбек сіңір­ген жаттықтырушысы Әбу­­тәліп Ама­нов еңбегін елеп, бүгінгі мерекеде құрмет көр­сеткен аймақ басшысына ал­ғыс білдірді. Сыр спортына жа­салып жатқан қолдауларға риза­шылығын айтып, сәттілік тіледі.

Жиын соңында спорт са­ла­сын дамытуда өлшеусіз ең­бек еткен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Велорий Пак, Әбутәліп Аманов, Жа­миль Джусупов, ауыр атле­ти­кадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин, то­ғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы Хәкімжан Елеу­сінов, каратэ-додан Әлем чем­пионы Мөлдір Жаңбырбай, қа­зақ күресінен Әлем чем­пио­ны Нұрым Сәлімгереев пен қазақ күресінен «Әлем ба­рысы» турнирінің күміс жүл­дегері Мақсат Исағабылов об­лыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<