Атырау қаласында отырып ойнау волейболынан ҚР чемпионатының екінші айналымы өтуде. Айтулы жарыста Қызылорда облысының командасы жақсы өнер көрсетуде.Екі күннің қорытындысы бойынша жерлестеріміз Алматы, Ақтау, Қарағанды жəне Астана қ. командаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Жарыс 5 қыркүйек күні аяқталады. Сыр споршыларына сəттілік!





