Токио-2020: Қазақстан медаль саны бойынша 79-шы орында тұр

669

0

Бүгін қазақстандық спортшылар Токиода өтіп жатқан Олимпиадада медаль ала алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан қоржынында әзірге 7 қола медаль бар. Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асаділов жеңіп алды.

Медаль саны бойынша Қазақстан 79-шы орында тұр. Көш басында Қытай (36-26-17), екінші орында АҚШ (31-36-31) келеді, үшінші орынға Жапония (24-11-16) тұрақтаған.

Посткеңестік елдердің арасында бірінші болып Ресей (17-23-22) тұр, ол бесінші орынға тұрақтаған. Одан кейін 25-ші орында тұрған Грузия (2-5-1), 35-ші орындағы Өзбекстан (2-0-2) тұр. Тізімді 40-шы орын алған Украина (1-3-10), 43-ші орын алған Беларусь (1-2-2), 57-ші орында тұрған Эстония мен Латвия (1-0-1), 67-ші орындағы Армения (0-2-2), 68-ші орындағы Қырғызстан (0-2-1), 69-шы орындағы Әзербайжан (0-1-3), 75-ші орынға жайғасқан Литва мен Түрікменстан (0-1-0) жалғастарады.

Медаль саны бойынша 6-тамыз күнгі нәтиже:

  1. Қытай — 36-26-17
  2. АҚШ — 31-36-31
  3. Жапония — 24-11-16
  4. Ұлыбритания — 18-20-20
  5. Ресей — 17-23-22
  6. Австралия — 17-6-21
  7. Италия — 10-10-18
  8. Германия — 9-11-16
  9. Нидерланды — 9-10-12
  10. Франция — 7-11-9
  11. Қазақстан — 0-0-7.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<