Өткен сенбіде «Евразия» мәдени-спорт кешенінде облыстық құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.
Қазақстанның тұңғыш дербес прокуроры Сүлеймен Есқараевтың туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, сондай-ақ бұқаралық спортты одан әрі дамыту.
Жарысқа облыстық прокуратура мен облыстық сот, Бас прокуратураның статистика және арнайы есеп комитетінің облыстық басқармасы мен облыстық қаржы полициясы, облыстық ішкі істер, төтенше жағдайлар және кедендік бақылау департаментінің командалары қатысты. Тартысты өткен кездесулер қорытындысында төтенше жағдайлар департаментінің волейболшылары жеңістің биік сатысынан табылса, ішкі істер департаменті мен облыстық сот командалары жүлделі орындарды өзара бөлісті.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<