10-11 шілде күндері Жаңақорған ауданында 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Дүбірлі бəсекеге еліміздің 12 облысынан 200-ге жуық спортшы 17 салмақ дəрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Жарыс нəтижесінде 4-8 қыркүйек аралығында Қазан (Ресей) қаласында өтетін Əлем чемпионатына спортшылар іріктеледі.
Қызылорда облысының намысын 34 спортшы (20 ұл, 14 қыз) қорғайды.
Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасы, Жаңақорған ауданы əкімдігі, облыстық белбеу күресі федерациясы.
10 шілде күні сағат 9.00-де жарыс басталса, 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді.
Ел чемпионатында бас төрешілік қызметті атыраулық, халықаралық дәрежедегі төреші Асылбек Қалиев атқарады.
Жарыс карантин талаптарын сақтай отырып, көрермендерсіз өткізіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<