2022 жылы Аралда күн электр станциясы салынады

1022

0

Бүгінде облыстағы электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1837 дана қосалқы станциялар құрайды, олардың тозу деңгейі 69 % құрап отыр.

Жалпы соңғы бес жыл аралығында Арал және Қазалы аудандарында кернеулігі 110/35/10 кВ «Арал», «Жаңақазалы» қосалқы станциялары және Қызылорда қаласындағы «Тасбөгет», «Арай», «Орталық», «Шымбай», «Жаңаарық», «Қазандық» 35/10 киловольттық қосалқы станциялары, Сырдария ауданындағы «Тереңөзек» 35/10 киловольттық қосалқы станциясындағы оперативтік басқару пункті және трансформаторлық қондырғылары, сонымен қатар Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ қосалқы станциясы және Төретам елді мекеніндегі 35/10 кВ қосалқы станциясы қайта жаңғыртылды.

Қазіргі уақытта осы күн электр станцияларымен өндірілген электрэнергиясы бірыңғай энергетикалық жүйеге берілуде.

Үстіміздегі жылы Гидроэнерджи компаниясы Жаңақорған ауданында қуаттылығы 10 мегаватт күн электр станциясының  құрылысын аяқтап пайдалануға беруді жоспарлауда.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен өткізілген өткен жылғы аукциондық сауда-сатылымның қорытындысымен жеңімпаз болып анықталған «Хевел» компаниясы, 2022 жылы Арал ауданында қуаттылығы 20 мегаватты құрайтын күн электр станциясын салуды көздеп отыр.Сонымен қатар, бүгінде аймақтағы ауыл шаруашылық саласындағы 100- ден  аса шаруа қожалық қуаттылығы 2 киловаттан асатын күн сәулесімен жұмыс істейтін кіші электр станцияларды тұрақты пайдалануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<