30-ға жуық жоба шетелдік инвесторларға ұсынылды

991

0

Өңірдің 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарын іске асыру шеңберінде «Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбындағы таныстырымдылық құжат әзірленді. Ондағы 30-ға жуық жоба шетелдік инвесторларға ұсынылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жолмырза Еламан мәлімдеді.

-Бүгінде өңір экономикасын дамыту мақсатында инвесторлар тартуға жұмыстар жасалуда. Мәселен, жыл басынан бері төрт рет көрме ұйымдастырылды. Моңғолияның тері өңдеу саласындағы кәсіпорындарымен, Францияның Страсбургтегі ҚР Бас консулдығымен бейнеконференция, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Фатхуллаев Абрордың және Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлис бастаған делегация біздің аймақта іс-сапарда болды. Облыс әкімдігі тарапынан өңірге инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалынған, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз,-деді Жолмырза Қайыпұлы.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 282,3 млрд. теңгеге жетті. Ал ауылшаруашылығының өнім көлемі 22,9 млрд.теңгені құрайды.

– Облыста 13 506 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 4 111-і тұрақты. Сонымен қатар, 2021 жылға арналған облыс әкімінің іс-қимыл жоспарына ай сайын тұрақты мониторинг жасалуда. Іс-қимыл жоспары негізгі 6 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, қолайлы бизнес ахуалды қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, адами капиталды дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту, бюджеттік саясат,-деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергенов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<