Бәсекелестікті қорғау ұлттық мұратқа айналды

1106

0

Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы жылдар ішінде еліміз сындарлы, сынақты жолдардан өтті.

Экономикасы мығым, халықаралық қауымдастық мойындаған елге айналды. Тәуелсіздіктің нығайып, еліміздің әлемдік өркениетке қадам басуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі айрықша болды. Алғашқы күннен бастап нарық экономикасының жаңа құрылымдарын құруға айрықша мән берді. Соның айғағы ретінде, 1991 жылғы 7 маусымда Қазақ КСРО Президентінің Жарлығымен еліміздің алғашқы монополияға қарсы ведомствосы – Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті құрылды. Жаңа ведомство «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақ КСР Заңын тиімді іске асыру үшін жасақталды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тә­уелсіздіктің 30 жылдығы қар­саңында бәсекелестік елдің ұлттық идеясы болып ай­қын­далды. Үкімет қаулысы­мен 7 маусым – монополияға қарсы орган қызметкерлері күні бо­лып жарияланды.


Елбасы «Нұр Отан» пар­тиясының XVI съезінде «Бес институционалдық рефор­ма­ны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жос­парын ұсынды. Осы жоспар­дың қа­дамдарының бірі ретінде мо­но­полияға қарсы қызметтің жұ­мыс тұжы­рым­дамасын өз­герту және оны эконо­микалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарына сәйкес келтіру қажеттілігін айқындады. Бұдан басқа «Қа­зақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан хал­қына кезекті Жолдауында мо­нополияға қарсы қызметті күшейтудің маңызын және еркін әрі салауатты бә­се­келестік үшін жағдай жасау шеңберінде реформалар жүр­гізу қажеттігін атап өтті. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін бәсекелестікті қор­ғау саласындағы ҚР заң­намасын экономикалық ын­­ты­мақтастық пен даму ұйымының стандарттарына сәй­кес келтіру бойынша екі кезеңдік тәсіл туралы шешім қа­былданды.
Былтыр Мемлекет бас­шы­сы Жарлығымен Президентке тіке­лей есеп беретін жаңа Бәсе­келестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды. Жаңа агенттіктің негізгі мін­деті – бәсекелес орта құру, бұл экономиканы мемлекет иелігінен алуды, бәсекелестік алаңды өзгерту­ді, барлық кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауды, на­рықтарды монополиялан­дыруды тоқтатуды білдіреді.
Қазір департаменттің тал­дау және тергеп-тексеру бө­лім­дерінде 8 мемлекеттік қызметші жұмыс атқарып ке­леді. Көпшілік монополияға қарсы органның басты атқа­ратын функцияларынан жә­не міндеттерінен бейхабар болғандықтан, негізінен на­рықтағы өткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын белгілейді деп ой­лайды.

Шын мәнінде негізгі мақсат – ол ел аумағындағы тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және қолайлы жағдайлар жасау, монополистік қызметті рет­теу және шектеу, адал бәсе­келестікке жәрдемдесу, бәсе­келестікті қорғау сала­сын­дағы заңнама бұзудың ал­дын алу және жосықсыз бәсеке­лестіктің жолын кесу.


Былтыр қараша айынан бастап әкімшілік, экономика­лық және өзге де кедергілерді анықтау мен жою, бәсекелі нарықтық экономиканы қа­лыптастыру мақсатында де­пар­тамент жанында құрыл­ған, консультативтік-ке­ңесші орган – кедергілер жөнін­­дегі кеңес тұрақты түрде жұ­мыс ат­қарып келеді. Қазіргі уақытқа дейін газ тарату жү­йесіне техникалық қызмет көрсету барысындағы, дәрі-дәрмекті көтерме және бөл­шек саудада өткізу нары­ғын­дағы, қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау барысындағы, мемлекеттік мен­шіктегі мүлікті жалға бе­рудегі тосқауылдар бойынша кеңестің 7 отырысы өткізілді. Отырыстардың бірінде қала­лық әкімдікке қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы және жолаушылар та­сымалы бөлімі тарапынан қа­лаішілік маршруттар бо­йын­ша конкурстар өткізу ке­зінде жеке кәсіпкерлерге өз авто­бустарында (шағын микро­автобустарда) элек­трон­­дық билеттеу орнату күш­теп таңылып отырғаны анық­талды.

Заң бұзғандарға тиісті шара көрілді. Моно­полияға қарсы орган мемле­кеттің кәсіпкерлік ортаға қатысу заң­дылығын қарайды, яғни, қандай да бір мемле­кеттік кәсіпорындар, мемле­кет­тік заңды тұлғалар жаңа­дан құрылатын немесе қызмет түрлері кеңейтілетін жағдайда монополияға қарсы органның келісімі арқылы жүзеге асы­рылады.


Мысал ретінде алатын бол­сақ, соңғы жылдары жер­­гілікті атқарушы орган облыс аумағындағы жас буын өкілдеріне медици­налық кө­­мек көрсетумен айланы­са­тын Жастар денсаулық орта­лығы мемлекеттік кә­сіп­орнын құруға бірнеше рет өтініш­хатпен шыққан. Алай­да, кәсіп­орынның атқа­руға жос­­парлап отырған қыз­мет түр­лері нарығының дамуы жоғары болғандықтан, бәсе­келестікті шектеуді бол­дыр­мау мақсатында бұл кәсіп­орынның құрылуына келісім беруден бас тартылды. Мем­лекет басшысы шағын кәсіпкерлікті дамыту мақса­тында 2020 жылғы 1 қаңтар­дан бастап 2023 жылғы 1 қаң­тарға дейін шағын кә­сіп­керлік субъектілеріне қа­тыс­ты тексерулерге мора­торий енгізді. Осыған орай, де­пар­тамент жүргізетін тер­геп-тексерулер саны өткен жыл­дармен салыстарғанда ай­тар­лықтай төмендеп отыр.

Дегенмен, департамент ор­та кәсіпкерлік субъектіле­ріне жататын күзет саласындағы «Шериф-Н» ЖШС және «Кү­зет қызметі Памир» ЖШС бәсекелестікке қарсы заңсыз келісімдер жасағаны, орта кәсіпкерлік субъектісі – «Қор­қыт ата» әуежайы» АҚ-ны әуе отынын сату бары­сында монополиялық жоға­ры баға­ларды белгілегені және ұстап тұрғаны үшін тергеп-тексеріп, олардан маман­дандырылған ауданаралық әкімшілік соты арқылы 20,4 млн теңге айып­пұл мемлекет пайдасына өнді­рілді.


Сол сияқты департамент кәсіпкерлік салада мемле­кет­тің қатысуын қысқарту бойынша шаралар жүргізді.Мемлекеттік ақпарат құ­ралдары, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, спорт клубтары, стоматология сала­сы төңірегінде тиісті жұ­мыс­тар жүзеге асырылды. Бұл жұ­мыстар Қызылорда автобус паркі бойынша жүргізілді. Осының барлығы мемлекеттің бәсекелестік ортаға негізсіз араласуын жою мақсатында атқарылды.


Бұдан бөлек, қалалық тұр­­ғын үй-коммуналдық ша­руашылығы бөлімінің бәсе­ке­лестікті шектеуге бағыт­талған әрекеттері бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың бә­секелестікті шектеуге ба­ғытталған әрекеттері, кәсіп­керлік субъектілердің бәсе­келестікке қарсы келісілген әрекеттері және үстем немесе монополиялық жағдайды те­ріс пайдалану белгілері бо­йынша департамент 18 ха­барлама шығарып, барлығы заң­мен белгіленген мерзімде толығымен орындалды.


Департамент бензин және дизель отыны бағасына күн сайын мониторинг жүр­гі­зуде. Сарапшылардың сөзін­ше, Қазақстандағы бензин ба­ғасы әлемнің біраз елі­нен төмен. Мұндай төмен ба­ға­ны сақтап тұру елдегі жа­нар-жағармайдың шека­ралас ел­дерге белсенді тасымал­данып, нәтижесінде елде тап­шылық тудыруы мүмкін.


Биылғы жыл басы­мен салыстырғанда облыстағы жанармай бекеттерінде бен­зин бағасы литріне 15-20 тең­­геге дейін қымбаттаған жә­не баға өсімі әлі де жал­ғасады деген болжам бар. Бен­зиннің қымбаттағаны елі­міздің барлық өңірлерінде байқалады. Бағаның өсуіне себеп болған фактор­лар­дың бірі – еліміздегі бензин өн­діруші үш ірі компа­ния­ның, атап айтқанда, «Петро­­Қазақстан ОйлПродактс» ЖШС, Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыт­тарының кезең-кезеңімен жөндеу жұмыста­рына тұруы.


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агенттік Бәсекелестікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба әзірлеп, Президент әкім­шілігіне өткізді. Ұлттық жоба монополияға қарсы реттеудің жаңа кезеңін айқындайды. Жоба шеңберінде үш бағыт бо­йынша басымдыққа назар аударылады. Ұлттық жоба не­гізінде облыстың 2021-2025 жылдарға арналған Бәсе­ке­лестікті дамыту жоспары жасалуда. Ол өңірлер эко­но­микасының басым сала­ла­рында, оның ішінде тауар нарығында жаңа қатысу­шы­лардың пайда болуы үшін қажетті жағдай қалыптас­тырып, бәсекелестік деңгейін арттыруды көздейді.

Ерсін ОРЫНБАЕВ,
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыс бойынша
департамент
басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<