«Байқоңыр «ӘКК» АҚ құрылғаннан бері негізінен ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану және т. б. салалардағы жобаларды іске асырды. 2020 жылы нарыққа жүргізілген талдау нәтижесінде өңірде өнімнің айтарлықтай саны бойынша тапшылық бар екенін көрсетті. Облыста өндіріс саласы жоқ дерлік. Азық-түлік бізде барлығы импортталған. Осыған байланысты ӘКК инвестиция бағытын қайта форматтап, өз қызметін жергілікті өнеркәсіп тауарлары мен тамақ өнімдерін өндіруге бағыттады.
Өткен мамыр айында Огай Василий Владимировичпен бірге жартылай фабрикаттарды, ет және консервіленген өнімдерді өндіру жобасы іске асырылды. ӘКК ет өнімдерін ыстықтай және суықтай ыстау жабдықтарын сатып алуға қаражат бөлді. Бұл бірнеше түрді, соның ішінде ысталған ет өнімдерін, жартылай фабрикаттарды және дайын салаттардың әртүрлі түрлерін шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жоба қоғамдық тамақтандыру қызметін сапалы көрсетуін, қала бюджетіне қосымша кірістер түсімін арттырады және 40 жаңа жұмыс орнын ашады.
Бүгінде осы жоба аясында қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсету бойынша жазғы террасса ашылған. Мәзірдегі тағамдар ассортименті барлығы дерлік өз өндірісінің өнімдерінен дайындалады.
Сондай-ақ «Байқоңыр» ӘӘК юизнес-серіктестерімен бірге биылдың өзінде-ақ кварц құмын байыту тау-кен комбинатын, күрделі мұнай шикізатын өңдеу жобаларын іске қоспақ. Келесі жылы Арал ауданында құм-цемент және гипс құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауытты, Қызылорда қаласында шыны талшық өндіретін зауытты, айна шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлануда.
Сонымен қатар, жергілікті өндірістің азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша жобалар басты басымдықта. ӘКК серіктестерімен бірлесіп «Қызылорда облысында өндірілген» деген белгімен сапалы азық-түлік өндіруді жоспарлап отыр. Біздің өңірде және облысымыздан тыс жерлерде дүкен сөрелерінде қызылордалық өнімдер шығарылуға тиіс.
Ағымдағы жылы Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласында шұжық және ет өнімдерін өндіру жобалары іске қосылды. Сапасы бойынша өндірілген өнімдер азық-түлік нарығында батыл бәсекеге түсе алады. «Ет консервілері өндірісі», «Сыр Маржаны ет өңдеу кешені» жобалары және бал өндіру бойынша 3 жоба жүзеге асыру сатысында тұр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<